русский язык
Хоккей

«Барыс» үшін ҚХЛ маусымы сәтсіз басталды

«Барыс» үшін ҚХЛ маусымы сәтсіз басталды

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команданың алғашқы қарсыласы уфалық «Салават Юлаев» болды. Андрей Скабелка шәкірттері 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Кейін «Барыс» есеп айырмасын қысқартқанымен таразы басын теңестіре алмады.

Елордалық клуб сапында Тамирлан Гайтамиров пен Понтус Оберг шайба салды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) 2:3

0:1 Хмелевский, 12:51.

0:2 – Ефремов (Лещенко, Науменков), 24:18.

0:3 – Шаров (Шмелев, Хафизуллин), 45:56.

1:3 – Гайтамиров, 50:18.

2:3 – Оберг (Грант, Барбер), 55:34.

Қақпашылар: Паскуале - Самонов

Фото: hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;