русский язык

«Тобыл» сапындағы Ресей және Беларусь ойыншылары ресми түрде Чехияға виза алды

«Тобыл» сапындағы Ресей және Беларусь ойыншылары ресми түрде Чехияға виза алды
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» командасының ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Алберт Габараев, Павел Забелин және фитнес-жаттықтырушы Евгений Кресик Шенген визасын алды, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақын арада ойыншылар Чехияға ұшып, Пльзендегі командаға қосылады, онда 31 тамызда қостанайлықтар «Викторияға» қарсы Конференция лигасы плей-офф кезеңінің екінші ойынын өткізеді.

Бұған дейін Чехия үкіметі Ресей мен Беларусь спортшыларына спорттық жарыстарға қатысуына тыйым салатын қаулысына байланысты осы ойыншылар виза алу қиындықтарына тап болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;