Шавкат Рахмановтың қарындасы АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындықты бастады
![Шавкат Рахмановтың қарындасы АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындықты бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201736_df3525907dddbc9aa6a08985759e8644.jpg?v=28673010)
Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова маңызды жекпе-жекке дайындалу үшін АҚШ-қа кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Dana White Candidates турнирінде Сора UFC ұйымымен келісімшартқа отыру құқығы үшін төбелеседі. Қазақстандықтың қарсыласы латвиялық Эрнеста Карецкайте (4-0-1) болады.
Dar Pro Team Instagram аккаунтында Сора Рахмонованың Майамиге келгенін, ол Kill Cliff FC жаттығу залында жекпе-жекке дайындалатынын хабарлады.
Фото: instagram/naizadai