русский язык

«Конференция лигасына өтсек дейміз». Крачковский «Қайраттың» мақсаты туралы айтты

«Конференция лигасына өтсек дейміз». Крачковский «Қайраттың» мақсаты туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Астанаға» қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Антон, жеңіс құтты болсын. Ойын жайлы не айтасыз?

Құттықтауларыңызға рақмет! Эмоциямызды айтып жеткізу мүмкін емес, керемет ойын өткіздік. Қарсылас өте мықты. Жақсы ойын болды, бастысы жеңіске жеттік.

– Бірінші таймда «Қайрат» көп мүмкіндік жасады, бірақ гол соғылмады. Не кедергі болды деп ойлайсыз?

Бірінші таймда да, екінші таймда да қауіпті шабуылдар жасадық. Иә, оның бәрін нәтижелі аяқтау мүмкін болмады, бірақ Құдайға шүкір, үш ұпайды алдық – бұл біз үшін ең маңыздысы.

– Ауа-райы ойынға әсер еткені анық. Жаңбыр жаумаса, гол көп соғылар ма еді?

Білмеймін, барлығына ауа-райы ұнаған сияқты - нағыз футбол ойнайтын ауа-райы. Біздің міндетіміз қандай ауа-райы болса да жақсы өнер көрсету.

– Қателеспесем, «Астананы» жеңгеннен кейін «Қайрат» төртінші орынға көтерілді («Қайрат» қазір бесінші орында тұр – Prosports.kz ескертпесі). Еурокубокқа жолдама алу мақсаты бар ма?

Иә, чемпионатта үшінші орынды алып, еуропалық жарыстарға қатысқымыз келеді. Осы мақсатқа жету үшін күш саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;