русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жегінен кейін кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жегінен кейін кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

Танымал журналист және инсайдер Джулиус Джулианис орта салмақтағы ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираз Вроцлавтағы (Польша) бокс кешінде украиналық Дмитрий Митрофановты жеңгеннен кейін титулдық бәсекеде позициясын нығайтқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хамза Шираз қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Сарапшының айтуынша, Хамза енді 14 қазанға жоспарланған WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі мүмкін.

«Шираз енді чемпиондық жекпе-жек үшін іріктеу кездесуіне шыға алады, дегенмен оның міндетті қарсылас болғанға дейін аралық жекпе-жек өткізе ме, жоқ па - білмеймін. Оның міндетті қарсылас атанбай-ақ Жәнібек пен Гуальтьеримен тікелей жұдыоықтасуға мүмкіндігі бар», - деп жазды Джулианис твиттерде.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;