русский язык
Бокс

Шетелдік блогер АҚШ-та жекпе-жектен шеттетілген Қазақстан боксшысына қатысты пікір білдірді

Шетелдік блогер АҚШ-та жекпе-жектен шеттетілген Қазақстан боксшысына қатысты пікір білдірді
Бокс туралы Youtube арнаның авторы Basedakid-the hardcore Casual Қазақстан боксшысы Жан Кособуцкийдың (19-1, 18 КО) және нигериялық Эфе Аджагбаның (18-1, 13 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, АҚШ-та өткен жекпе-жек барысында Қазақстан боксшысы Жан Кособуцкий қарсыласына тыйым салынған тәсіл қолданғаны, яғни белден төмен бірнеше соққы бергені үшін ойыннан шеттетілген болатын.

"Менің ойымша, Кособуцкий, біріншіден, төрешінің не айтқанын түсінбеген. Екіншіден, төреші тарапынан қолдау таппаған, сондықтан ол өзінше әрекет еткен. Үшіншіден, оған қатысты әділетсіз түсініктеме берілген [ESPN-де]. Жекпе-жекті Крис Алджиери мен Кристина Пончер жүргізгенін білдім. Олар, әу бастан, Кособуцкийге дөрекілік танытып, тіпті оған көз ілмеген де. Әрине, оның ойыннан шеттетілгені заңды, бірақ жағдай осы деңгейде жетпес еді егер төреші жекпе-жекті әділ бағалағанда", - деп жазды арна авторы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;