русский язык
Ауыр атлетика

Қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бүгін казақстандық спортшы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды", - делінген хабарламада.

Ол 54 келіге дейінгі салмақта 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алған. Ал күміс жүлдені 179 кг бағындырған қытайлық спортшы алса, жарыстың қола жүлдесі Нигерияның спортшысына (178 кг) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;