Жан Кособуцкий жеңіліске қалай ұшырады? ВИДЕО
![Жан Кособуцкий жеңіліске қалай ұшырады? ВИДЕО](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201131_cf7ddcf0b4e267022f0ca1068b11a206.jpg?v=28706907)
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Талсада (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кособуцкий нигериялық Эфе Адягбамен жұдырықтасты. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Төртінші раундта қазақстандық белден төмен ұра беріп жүйелі ереже бұзғаны үшін жекпе-жектен шеттетіліп, жеңіс Адягбаға берілді.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.