русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы жұлдыздар аллеясында есімін қалдырмақ

Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы жұлдыздар аллеясында есімін қалдырмақ

«Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол». Әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазған WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы «Жұлдыздар аллеясында» есімін қалдыруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Боксшы өз атының Мұхаммед Әлидің есімі жанына жазылғанын қалайды.

«Міне, мына жерде Мұхаммед Әлидің аты жазылған. Мына жағында кішкене бос орын тұр. Құдай қаласа, тарихта қалып, осы орынға атымызды жаздырсақ деген ой да, мақсат та бар. Адам істегенді адам істейді. Біздің карьерадағы жоспардың бірі – осы жерге Qazaq style атын жазу», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;