русский язык
Бокс

Батыр Жүкембаев АҚШ-та аргентиналық боксшымен кездеседі

Батыр Жүкембаев АҚШ-та аргентиналық боксшымен кездеседі

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) АҚШ-тағы екінші қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 32 жастағы Жүкембаев 20 қыркүйекте Флорида штатының Плант-Сити қаласында 30 жастағы аргентиналық Уго Альберто Рольданға (22-1-1, 7 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Батыр АҚШ-тағы екінші кездесуін өткізгелі отыр.

Ал Рольдан 25 ақпанда туған жерінде рингке шықты – жартылай орта салмақтағы WBA Fedelatin белбеуі үшін өткен жекпе-жекте отандасы Хосе Уго Асеведоны (14-5-2, 8 КО) жеңді. Бірақ бұл белбеу қазір Рольданға тиесілі емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;