русский язык
Дзюдо

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жүлделі орын алды

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жүлделі орын алды

Қазақстандық дзюдошы Досбол Балғабай әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Загребте (Хорватия) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемер толықты. Оны жарыстың үшінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Досбол Балғабай ұтып алды. Отандасымыз әлем чемпионатвның қола жүлдесін германиялық Дистел Константинмен сарапқа салды.

Досбол Балғабай әлем чемпионатына екінші айналымнан қосылды. Іріктеу кезеңінде ол әуелі жапониялық, кейінбразилиялық спортшыны жеңді. Ширек финалда Грузия балуанынан мықты болған ол өз тобынан үздік танылып, жартылай финалға жолдама алды.

Ал жартылай финалда жарыс чемпионы атанған сербиялық Борис Рутовичке есе жіберіп, жұбаныш финалында күресуге мүмкіндік алған болатын.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының үшінші күнгі нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде үшінші орында тұр. Қазірше ел қоржынында бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде бар.

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады. Дүниежүзілік біріншілікке 64 елден 576 жас татами шебері қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;