русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO чемпионы АҚШ-тағы кәсіпқой мансабында Артуро Гатти, Майк Тайсон, Сергей Ковалев сынды боксшылармен жұмыс істеген Бадди Макгирттің жетекшілігімен жаттықты.

Америкалық маман Брайан Вилория Жәнібектің жаңа бапкері болды. 42 жастағы Вилория - әуесқой бокстан 1999 жылғы әлем чемпионы және ең жеңіл салмақта кәсіпқой бокста әлем чемпионы болған.

Вилория мансабын 2018 жылы аяқтап, бапкерлікке бет бұрды. Брайанның қазірге дейінгі ең танымал боксшысы - бұрынғы әлем чемпионы Марк Магсайо.

Әлімханұлы өз мәлімдемесінде Макгиртпен арада түсініспеушілік жоқ екенін, олардың арасында достық пен сыйластықтың сақталатынын, бірақ жаттықтырушының ауысуы «белгілі себептермен» болғанын айтты. Нақты қандай себеп екені белгісіз.

Айта кетейік, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі IBF чемпионы Винченцо Гуальтиериге (21-0-1, 7 КО) қарсы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;