«Қыран» Бірінші лига матчында «Жас-Қыранды» жеңді
![«Қыран» Бірінші лига матчында «Жас-Қыранды» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_39589d709c3f0d458591ad8dbd1c2df8.jpg?v=28669999)
Шымкенттік «Қыран» футболдан Қазақстан Бірінші лигасы 21-туры аясындағы матчтың соңғы минуттарында «Жас-Қыраннан» жеңісті жұлып әкетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші лига. 21-тур.
«Қыран» - «Жас-Қыран» 3:2
Голдар: 12 Рахматуллаев (1:1), 77 Увалиев (2:2), 90+6 Серікжан (3:2) («Қыран») – 7 Әлімжан (0:1), 40 Ағзамбаев (1:2) («Жас-Қыран»).
24 тамыз 2024. Шымкент. «БИІК» стадионы.
Бұл жеңіс шымкенттіктерге Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 4-орынға көтерілуге көмектесті. Қазір «Қыранның» еншісінде 20 ойында 34 ұпай бар. «Жас-Қыран» 8-орынға жайғасты, клуб еншісінде 20 матчта 26 ұпай бар.
Фото: «Қыран» баспасөз қызметінен