Dunav Party LAN: Aurora Gaming ұжымы 9 Pandas командасын жеңді
![Dunav Party LAN: Aurora Gaming ұжымы 9 Pandas командасын жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_ceb6e4b8a2d0a7ed4cf768f1b55e031c.jpg?v=28669393)
Aurora Gaming CS:GO-дан Dunav Party LAN турнирінің А тобында 9 Pandas командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:0 (Overpass-та 19:15 және Nuke-де 16:13) есебімен аяқталды. Қазақстандық Виктор Лак1 Болдыревтің командасы үш ұпай еншіледі.
Dunav Party LAN турнирі 24-27 тамыз аралығында Сербияда өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 50 мың доллар құрайды.