русский язык
Дзюдо

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль алды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль алды

Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан кадеттер арасында (17 жасқа дейін) әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрлан Исатаев (55 келі) финалда uрузиялық спортшыны қосымша уақытта иппон әдісімен жеңді.

Әлем чемпионатының бірінші күнінде Сабина Юлдасбекова (40 келі) күміс, Оралбек Байзақ қола жүлдеге қол жеткізген. Командалық есепте Қазақстан көш бастап келеді.

2009 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келе жатқан арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 12 қола медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;