русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Уинстон-Сэлемде (АҚШ) өтіп жатқан ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда эквадорлық Гонсало Эскобармен өткен кездесуде Себастьян Офнер (Австрия)/Макс Пурселл (Австралия) дуэтін 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Кездесу небәрі 53 минутқа созылды.

Келесі айналымда теннисшілер Уго Нис (Монако)/Ян Зиелински (Польша) жұбымен кездеседі, матчта турнирдің жартылай финалдық кезеңіне жолдама ойналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;