русский язык
Теннис

Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Жібек польшалық спортшы Мартина Кубкамен 1/8 финалда германиялық Эмили Зайбольд — Ангелина Виргес жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жуырда Италияның Рим қаласында өткен ITF турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы беларусь теннисшісі Юлия Готовкомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;