«Бешікташ» – жаңа сынақ». ЦСКА экс-бапкері – Зайнутдиновтің трансфері туралы
![«Бешікташ» – жаңа сынақ». ЦСКА экс-бапкері – Зайнутдиновтің трансфері туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_bef9b8b663ddf74576d20af3d140edd7.jpg?v=28671403)
ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері Виктор Гончаренко Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің ыстамбұлдық «Бешікташқа» ауысуы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Баха жарады. Ол еңбекқорлығы, жұмысқа қабілеті, тырысуы мен мінезінің арқасында «Ростовта», кейін ЦСКА-да өз жолын тапты. «Бешікташқа» ауысуы – карьерасындағы жаңа сынақ. Оған сәттілік тілеймін, өз ойынын көрстіп, жақсы титулдар жеңіп алсын», – деді Гончаренко.
Виктор Гончаренко ЦСКА бас бапкері қызметін 2016-2021 жылдар арасында атқарған.
Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «әскерилер» сапында 2020-2023 жылдар аралығында өнер көрсетті.