русский язык
Теннис

Джокович титулдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді

Джокович титулдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді

Сербиялық теннисші Новак Джокович Цинциннатидегі (АҚШ) «Мастерстің» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында қарсыласы испаниялық Карлос Алькарас болды. Кездесу 3 сағат 50 минутқа созылып, 5:7, 7:6 (9:7), 7:6 (7:4) есебімен аяқталды.

Джокович карьерасында 95-титулын жеңіп алды. Ол Иван Лендлдан озып, үшінші орынға шықты.

Серб теннисшісінен тек Роджер Федерер (103) мен Джимми Коннорс (109) көбірек трофей жеңген.

Айта кетейік, Джокович «Мастерсте» 39-рет топ жарып, өз рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;