«Зенит» «Спартакты» жеңді. Әліп 90 минут өнер көрсетті
![«Зенит» «Спартакты» жеңді. Әліп 90 минут өнер көрсетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201736_cfbf0ecd9100c5fdea3f69275f5eee45.jpg?v=28706908)
Санкт-Петербургтік «Зенит» РПЛ-дың бесінші турында мәскеулік «Спартакты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәскеуде өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. Вендел дубль жасаса, Матео Кассьерра бір гол соқты.
81-минутта Александр Соболев пенальти орындап, «Спартак» сапында гол соқты.
Айта кетейік, «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут өнер көрсетті.