русский язык
Бокс

Абылайхан Жүсіпов отыз үш қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жекпе-жек өткізеді

Абылайхан Жүсіпов отыз үш қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жекпе-жек өткізеді

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) 26 тамызда никарагуалық Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жекпе-жекке шығады.

Абылайхан Жүсіпов Top Rank on ESPN АҚШ-тың Талса қаласында ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында рингке шығады.

Сегіз раундтық жекпе-жектегі Жүсіповтің қарсыласы айтарлықтай тәжірибелі - ол өзбекстандық проспект Шахрам Гиясов және британиялық Джош Тейлормен жұдырықтасқан. Дегенмен екеуінде де жеңілген. Ал жалпы ол карьерасында 50 айқасқа шығыпты, оның отыз үшінде жеңіске жеткен, оның он тоғызы нокаутпен. Сонымен бірге, ол он бір рет жеңіліске ұшырап, алты рет тең түскен екен.

31 жастағы боксшы карьерасын 2010 жылы бастапты. Осы уақытқа дейін АҚШ, Ұлыбритания, Котста-Рика және Мексика жерінде өнер көрсеткен. Дегенмен айқастарының басым бөлігін Отанында өткізген. Жартылай орта салмақ рейтингінде ол Никарагуада алтыншы, ал әлемдік рейтингте 322-орында.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;