русский язык
Дзюдо

ВИДЕО. Дзюдошы Бақытжан Абдурахманов гран-при турнирінде қола жүлде алды

ВИДЕО. Дзюдошы Бақытжан Абдурахманов гран-при турнирінде қола жүлде алды

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық Бақытжан Абдурахманов тағы бір қола медальді қоржынға салды.

Бақытжан Абдурахманов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Жұбаныш финалында ол тәжірибелі дзюдошы, косоволық Акил Киякованы вазари ұпайымен ұтты. Нәтижесінде ел құрамасы қоржынына қола жүлде түсті.

Қазақстандық балуан жарыс барысында бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Венгрия, Франция, жұбаныш белдесуінде Түркия спортшыларын қапы қалдырды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;