русский язык
Дзюдо

Қазақстандық дзюдошы Загребтегі Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Загребтегі Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды

Хорватияның астанасы Загребте дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай қола медаль жеңіп алды.

Қола жүлде үшін белдесуде Ыстыбай кипрлік Георгиос Баларджишвилиден басым түсті.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы үшін Айболат Ыстыбайдың жүлдесі бірінші болды.

Загребтегі татамиге барлығы 85 елдің дзюдошылары шығады. Ең көп өкілдік Италия мен Францияда (әрқайсысында 23 спортшы), Бразилияда бір қатысушы кем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;