русский язык
Дзюдо

Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысына Қазақстаннан кімдер барады

Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысына Қазақстаннан кімдер барады

18-20 тамыз күндері Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при жарысында еліміз намысын қорғайтын дзюдошылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әлемдік бәсекеге 83 елден 500-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған.

Гран-приге аттанатын қазақстандық спортшылар:

Әйелдер

48 келіде
Әбиба Әбужақынова

Ерлер

60 келіде:
Дамир Болатбеков
Мерей Марханбетов

66 келіде:
Есет Қуанов
Айболат Ыстыбай

73 келіде:
Бақытжан Абдурахманов
Дархан Қойбағар

81 келіде:
Айбар Мұқышев

-100 келіде:
Бекзат Шағатаев
Ислам Бозбаев

+100 келіде:
Жамбыл Тұрғыналиев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;