русский язык
Теннис

Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі матчты жалғастырудан бас тартты

Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі матчты жалғастырудан бас тартты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді.

Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты.

Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең. Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия. Ол былтырғы финалда Чехиядан келген Петра Квитованың жеңген болатын (6:2, 6:4 есебімен).

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;