Жігерсіз жеңіліс! «Ақтөбе» Конференция лигасымен қоштасты
![Жігерсіз жеңіліс! «Ақтөбе» Конференция лигасымен қоштасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_4caff05be69d53c69a0d8719aec0358b.jpg?v=28669937)
«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің үшінші іріктеу кезеңінде ақтөбеліктер румыниялық «Сепсимен» кездесті. Алғашқы ойында «Ақтөбе» сырт алаңнен тең нәтижемен оралған - 1:1.
Ал Ақтөбедегі матчта қазақстандық командаға тек жеңіс қажет болды. Бірінші таймда есеп ашылмады. Бірақ қонақтар көбірек доп ұстап, шабуылда белсендірек болды.
Соның арқасында румын командасы гол соғып кетті. 67-минутта Николае Паун бұрыштан әуелеген допты «Ақтөбе» қақпасында тулатты.
Бұл голдан кейін алаң иелері таразы басын теңестіре алмады. 0:1 - «Ақтөбе» өз алаңында жеңіліп, еурокубокпен қош айтысты.
Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезең. Бірінші матч - 1:1
«Ақтөбе» - «Сепси» (Румыния) 0:1 (0:0)
Гол: Паун 67