русский язык
Теннис

Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы қарсыласы анықталды

Латвиялық теннисші, Ролан Гаррос 2017 жеңімпазы Елена Остапенко Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 2-ші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс басында әлемнің 20-ракеткасы Остапенко әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы, қазір WTA рейтингінде 25-ші орында тұрған чехиялық Каролина Плискованы жеңді.

Спортшылар арасындағы кездесу 1 сағат 49 минутқа созылып, 1:6, 6:3, 6:4 есебімен латвиялықтың жеңісімен аяқталды.

Остапенко келесі айналымда әлемнің 4-ші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;