русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) күзде рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де «Қазан айы қызық болайын деп тұр!» деп жазды.

WBO чемпионы бұған дейін IBF жаңа чемпиноны Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шақырған. Германиялық боксшы шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, сенсация жасаған еді.

Ал тамыздың басында ұлыбританиядық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) Жәнібекті кездесуге шақырған.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамырда Стоктонта (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;