русский язык
Бокс

Василий Жиров Қазақстан төлқұжаты туралы: Өзімді әлемнің адамы деп есептеймін

Әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын сақтап қойған. Бұл туралы fightnews.info сайты хабарлады.

Кәсіби бокстан әлем чемпионы Василий Жиров ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады. Ол Қазақстан заңы рұқсат етпесе де, өз елінің төлқұжатын сақтап қойғанын айтты.

- Мен өзімді әлемнің адамы деп есептеймін. Қазақстандық төлқұжатым бар, бірақ қос азаматтыққа рұқсат болмағасын, оны қолдана алмаймын. Қазақстанда менің отбасым, анам, бауырларым мен қарындастарым қалды. Көптеген досым да бар. Өзімді толысқан адаммын деп есептеймін бе? Әлі мұнымен жұмыс істеудемін. Бұл біздің бүкіл өміріміздің жұмысы. Ал боксшы ретінде жетістіктерге жеттім, - деді Жиров.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;