русский язык
Грек-рим күресі

Германия Гран-приі мәресіне жетті: қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды

Германия Гран-приі мәресіне жетті: қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top
Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі мәресіне жетті. Осымен 38-рет ұйымдастырылған додаға 23 мемлекеттен балуандар жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Халықаралық турниріде ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарақатына байланысты біраз үзіліс алған Айдос Сұлтанғали (60 келі) екі күн бойы қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда америкалық Ильдар Хафизовты 6-5 есебімен ұтты.

Финалға шыққан тағы бір қазақстандық балуан 55 келідегі Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанды. Айналмалы жүйе бойынша өткен сында жарыс қожайыны Фабиан Шмитт топ жарды.

Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет, 72 келіде Ибрагим Магомадов, 77 келіде Демеу Жадыраев және 130 келіде Әлімхан Сыздықов үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Мейіржан Шермаханбет пен Ибрагим Магомадов былтыр алған жарақатынан кейін жарысқа енді қатысып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;