русский язык

«Қайрат» бапкері «Тобылға» қарсы матч туралы ойын айтты

«Қайрат» бапкері «Тобылға» қарсы матч туралы ойын айтты

«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер «Тобылды» жеңгеннен кейін (2:1) журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ауыр, бірақ лайықты жеңіспен құттықтаймын. Ойын жоспары қандай болды? «Тобылдың» құрамды ротациялағаны білінді ме?

– «Тобылдың» барлық матчын көретін болсаңыз, онда олар кімнің шыққанына қарамастан әрқашан бірдей ойнайды. Кейбір ойыншылардың деңгейі жоғары, ал қалғандарыныкы төменірек. Бұл ойынға әсер етеді. Шыны керек, бізге қарсы 5 легионер, ЕЭО-дан 4 ойыншы және 2 қазақстандық шықты. Олардың ротация жасағанына мүлде мән бермейміз. Ең алдымен, ойынымыз өзімізге ғана байланысты. Құрамымызды жиі өзгертеміз, өйткені жаттығуға қарап, барлығына ойнауға мүмкіндік береміз.

– Арнайы біреуге қарсы ойнадыңыздар ма? Мысалы, Деблеге қарсы.

– Олардың командасын, ойыншыларын жеке-жеке талдадық. Дебленің белгілі бір қасиеті бар білікті әрі жақсы футболшы екені анық. Алаңға шыққанда оның өте жылдам ойыншы екенін байқадық. Маки мен Сашаға оған қарсы қатал ойнауды айттым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;