русский язык
Теннис

Елена Рыбакина Канададағы турнирде жеңіліп қалғаннан кейін WTA рейтингіндегі орнын білді

Елена Рыбакина Канададағы турнирде жеңіліп қалғаннан кейін WTA рейтингіндегі орнын білді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингіннің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева рейтингте 18 сатыға төмендеді.

Жұптық рейтингте Анна Данилина бір сатыға төмендеп, қазір 26-орында.

Рейтинг көшбасшысы - польшалық Ига Швентек. Екінші орында Белорусь теннисшісі Арина Соболенко, үздік үштікті Пегула түйіндеді.

14 тамыздағы WTA рейтингі:

1 (1). Ига Швентек (Польша) — 9730 очков;

2 (2). Арина Соболенко (Белорусь) — 8746;

3 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 6030;

4 (4). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5755;

5 (5). Онс Жабер (Тунис) — 4746;

6 (6). Каролин Гарсия (Франция) — 4685;

7 (7). Кори Гауфф (АҚШ) — 3760;

8 (8). Мария Саккари (Грекия) — 3510;

9 (9). Петра Квитова (Чехия) — 3445;

10 (10). Маркета Вондроушова (Чехия) — 3211…

79 (61). Юлия Путинцева (Қазақстан) — 827;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;