Рыбакина Канададағы турнирдің финалына шыға алмады
![Рыбакина Канададағы турнирдің финалына шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_9ca80044dfdc67a81b30b372a29b71bf.jpg?v=28702236)
Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина жартылай финалдық кездесуде ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, 6:1, 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Людмила финалда бірінші жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті жеңген америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Еске салайық, Монреальдағы турнир 7-13 тамыз аралығында өтіп жатыр.
Елена Рыбакина (Қазақстан) – Людмила Самсонова (Россия) 6:1, 1:6, 2:6
Эйстер:11:8
Брейктер:3:5
Матчтың ұзақтығы: 1 сағат 44 минут.