Қазақстандық файтер Америка лигасы гран-приінің финалына шықты
![Қазақстандық файтер Америка лигасы гран-приінің финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201131_ec468fdcdf492d58172a29c9044e36e6.jpg?v=28662751)
Аралас жекпе-жектен қазақстандық Николай Веретенников (11-4) кезекті жекпе-жегін өткізді.
Ол Меса қаласында (Аризона, АҚШ) UFL (United Fight League) Гран-приінің жартылай финалында өнер көрсетіп, жергілікті файтер Луис Инигеспен (6-3) кездесті. Жерлесіміздің қарсыласы екінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүкті.
Николай Веретенников UFL-дегі мұның алдындағы жекпе-жегін 13 мамырда өткізген. Ол кезде де екінші раундта американдық Демарк Джексонды (13-8) жеңген болатын. 2021 жылы Қазақстан өкілі UFC-ге Дана Уайт үміткерлер турнирі арқылы кіруге тырысқан, алайда төрешілердің шешімімен эквадорлық Майкл Моралестен (15:0) жол берді.