русский язык
ММА

Дацикті нокаутқа түсірген файтердің гонорары белгілі болды

Дацикті нокаутқа түсірген файтердің гонорары белгілі болды

Жалаңқол файтер Александр Севериннің менеджері Виталий Тарасов клиентінің Вячеслав Дацикпен жекпе-жек үшін қанша табыс тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Северин мен Дацик арасындағы жекпе-жек Мәскеуде Спортшылар күнін тойлау кезінде өтіп, 30 секундтан кейін Дациктің техникалық нокаутымен аяқталды.

«Дацикпен жекпе-жек үшін Северин 200 мың рубль көлемінде сыйақы алды», - деді Тарасов Sport24 тілшісіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;