русский язык
Әлем футболы

Месси «Интер Майами» сапында бес ойын қатарынан гол соқты

Месси «Интер Майами» сапында бес ойын қатарынан гол соқты

АҚШ-та Лига кубогының 1/4 финалы аясында «Интер Майами» өз алаңында «Шарлотт» командасын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Майами» сапында Хосеф Мартинес, Роберт Тэйлор, Лионель Месси гол соқты, тағы бір голды «Шарлотт» қорғаушысы Адилсон Маланда өз қақпасына соғып алды.

Осылайша, аргентиналық ойыншы жаңа командасы сапында қатарынан 5 ойын гол соқты. Аргентиналық шабуылшы 5 матчта 8 рет мергендік танытты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;