русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Илья Очкин (8-2, 3 КО) шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Очкиннің келесі жекпе-жегі 17 тамызда Екатеринбургте (Ресей) өтеді. Қарсылас жергілікті боксшы Рафи Хчоян (1-1-1, 0 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Илья Очкиннің бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр 11 қыркүйекте Челябіде өтті, онда отандасымыз ресейлік Андрей Томащукты (4-18, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;