русский язык
Командалық

«Астананың» капитаны клубтағы болашағы туралы шешім қабылдады

«Астананың» капитаны клубтағы болашағы туралы шешім қабылдады

«Астана» баскетбол клубының капитаны Рустам Мырзағалиев командада қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойыншының жаңа келісім-шарты тағы екі маусымға ұзартуға мүмкіндік береді.

ВTБ Бірегей лигасының өткен маусымында Рустам 27 ойын өткізіп, бір ойынға орта есеппен 6 ұпай және 2.1 нәтижелі пас жинады. Сондай-ақ, ол Қазақстан Кубогының MVP және үш ұпайларды іске асыру бойынша ҚР Ұлттық лигасының үздігі болды.

Біз клубтың тәжірибелі қазақстандық ойыншысының бірімен жаңа келісім жасасқанымызға қуаныштымыз!

Негізгі команда жаттығуды 15 тамызда бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;