русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа келіп, мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа келіп, мәлімдеме жасады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа ұшып барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АҚШ-қа келдік. Алда қан мен тер күтіп тұр», - деп жазды боксшы Stories-те.

Twitter-де ол АҚШ-қа келген сәтінен видео жариялады.

Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамыр айында Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізген болатын. Ол қарсыласы канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Фото: twitter.com/qazaqstyle

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;