Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл жөнінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Еліміздің ерлер құрамасы бас бапкері қызметіне Бекмұханбетов Дәурен Дүйсенұлы тағайындалды. 1983 жылы дүниеге келген. Бұл салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы. Республика және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Қазақстан және Азия чемпиондарын тәрбиелеп шығарды. Сондай-ақ, олардың арасында Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада ойындарына қатысушылар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер