«Қыран» өз алаңында «Ақжайықты» сенімді жеңді
![«Қыран» өз алаңында «Ақжайықты» сенімді жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_b20cb49ac90100e1b7a06a7a7b1fdc14.jpg?v=28691975)
Түркістандық «Қыран» Бірінші лиганың 19-турында оралдық «Ақжайықты» сенімді жеңді — 3:1, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері сапында Едіге Оралбай, Данабек Қуанышбай мен Алтынбек Төлеев гол соқты. Ал оралдықтардан тек Микола Агапов қанжығасын майлады.
«Қыран» — «Ақжайық» — 3:1 (2:1)
Голдар: Агапов 17(0:1), Оралбай 30 (1:1), Қуанышбай 32 (2:1), Төлеев 77 (3:1)