«Бенфика» Португалия Суперкубогын жеңіп алды
![«Бенфика» Португалия Суперкубогын жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201736_574bf4a9f25f51712ebd15a6f15d8f04.jpg?v=28691601)
«Бенфика» Португалия Суперкубогы үшін өткен матчта «Портуды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Қос голды Анхель Ди Мария мен Петар Муса соқты.
Осылайша, «Бенфика» тарихта тоғызыншы мәрте ел Суперкубогын жеңіп алды. Ал бұл кубокты ең көп жеңіп алған команда - «Порту» (27 рет).