Қазақстандық «Барс» октагондағы 35-кездесуін өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз18 тамызда Бакуде өтетін OCTAGON 48 турнирінде аралас жекпе-жек өнерінің екі ардагері кездеседі, деп жазады Prosports.kz
«Барс» лақап аты бар қазақстандық Руслан Серікпулов (17-17) тәжірибелі әзербайжандық файтер Акшин Бабаевпен (22-9) реванш өткізеді. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, олар октагонда екінші рет кезлескелі отыр. 2017 жылғы алғашқы жекпе-жекте Серікпулов мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Әзербайжан өкілі Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» титулды сарапқа салады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі