русский язык
Теннис

Қазақстанның екінші ракеткасы Монреальдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Монреальдағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреальда (Канада) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Путинцева турнирді іріктеу кезеңінің жартылай финалынан бастады. Ол онда канадалық, әлемнің 860-ракеткасы Миа Купреспен кездесті.

Қазақстандық екінші ракеткасы бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ одан кейін есесін қайтарып, матчта жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте есеп 6:2, 6:0 болды.

Юлия Путинцева іріктеудің финалында аустралиялық теннисші, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Бирреллмен кездеседі. Бұл матч 6 тамызда 23:30-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;