русский язык
Теннис

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі тарихи орнынан айырылып қалды

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі тарихи орнынан айырылып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде топ-3 қатарынан түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші 5465 ұпаймен 4-орында тұр. Оның орнына 5480 ұпай жинаған америкалық Джессика Пегула көтерілді.

Еске салайық, Рыбакина кейінгі кездесуін Уимблдон-2023 турнирінде өткізген болатын. Елена чемпиондық атағын қорғай алмады. Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/4 финалда тунистік Онс Жаберден жеңіліп қалды.

Бұған дейін Қазақстан өкілдерінің ешқайсысы WTA рейтингінде мұндай жоғары көтерілмеген еді.

Рыбакина Монреалда (Канада) өтетін WTA 1000 турнирдегі ықтимал қарсыластарын білді.

Фото: inkaraganda.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;