русский язык
ММА

Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші «алтын» жеңіп алды

Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші «алтын» жеңіп алды

2-5 тамыз күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде ММА-дан 12-13, 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жастар арасында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат тарихтағы ең ірі чемпионат болды. Оған 46 елден 653 спортшы қатысуда.

Қазақстан құрамасы сапында 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жастар құрамасының 35 мүшесі бар.

16-17 жас аралығындағы үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржыны тағы 3 медальмен толықты.

120,2 келіге дейінгі ауыр салмақта Қостанай облысының палуаны Радомир Морозов чемпион атанды. Финалда ол америкалық Брайсон Барронды жеңді.

ММА бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатының «қола» жүлдесін қарағандылық Егор Желтов (52,2 келіге дейін) пен Павлодар облысынан Эльмира Михмендиева (52,2 келіге дейін) жеңіп алды.

Еске салайық, бір күн бұрын 14-15 жас санатында Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Исламғали әлем чемпионы атанды. Қола жүлдені Түркістан облысынан келген Пердебек Орынбасар иеленді.

Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы бес медаль бар: екі алтын және үш қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;