русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Австриядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Австриядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов колумбиялық Гонсало Эскобармен бірге Китцбюэльде (Австрия) АТР-250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сының жартылай финалында Недовесов пен Эскобардың қарсыласы бразилиялық Рафаэл Матос пен португалиялық Франциско Кабраль болды. Қазақстандық пен колумбиялық дуэт 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат, 27 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;