Конференция лигасы: «Ордабасы» жарысты аяқтады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Польшаның «Легия» командасымен кездесті.
Ойын басынан командалар бірден шабуылға көшті. Тізгінді польшалық футболшылар өз қолына алуға тырысты.
Ойынның 18-минутында «Легия» футболшысы Павел Вшолек қазақстандық команда қорғанысындағы өрескел қателікті пайдаланып, «Ордабасы» қақпашысымен бетпе-бет шықты. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеген ол қақпаны дәл көздеді.
Ал 42-минутта польшалық командадан Юрий Рибейро басымдықты арттырды.
Оған 57-минутта шымкенттік клубтан Всеволод Садовский бір голмен жауап қайырса, 71-минутта Томаш Пекхарт «Легияны» жеңіске жақындатты. Бұдан кейін «Ордабасы» ойыншысы Сергей Малый гол соққанмен, бұл есепті теңестіруге жеткіліксіз болды.
Осылайша шымкенттік команда қарсыласынан 2:3 жеңіліп қалды.
Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Екі ойынның қорытындысымен «Легия» жарыстың үшінші сатысына шықты.