Қазақстандық файтер UFC-дегі дебюті алдында фотосессия жасады. ВИДЕО
![Қазақстандық файтер UFC-дегі дебюті алдында фотосессия жасады. ВИДЕО](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201736_1e06caf70f86ea988d241acacbade8ac.jpg?v=28674726)
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (17-2) UFC-дегі дебютінің алдында ресми UFC фотосессиясына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
5 тамызда қазақстандық файтер UFC үздік промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін ямайкалық спортшы Оде Осборнға қарсы өткізеді.
Еске салайық, ММА-дағы 19 кәсіпқой жекпе-жектің 17-сінде қазақстандық жеңіске жетіп, екеуінде ғана жеңілген. Ал қарсыластың жалпы рекорды 12-5, UFC-де 4-3.