Бубликтің АҚШ-тағы екінші қарсыласы белгілі болды. Олардың жеке текетіресінде есеп - 1:1
![Бубликтің АҚШ-тағы екінші қарсыласы белгілі болды. Олардың жеке текетіресінде есеп - 1:1](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/472_c830795645b4b1d9ebcc0cd276957f17.jpg?v=28674602)
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Вашингтонда АТР 500 турниріндегі екінші айналымда кездесетін қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол уайлд-кард иегері, франциялық Гаэль Монфиспен күш сынасады. Француз алғашқы матчында америкалық Бьорн Фратанджелоны 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Бублик пен Монфис АТР туры аясында екі рет кездескен. Әзірше жеке есеп - 1:1. 2020 жылы «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық жеңіске жетсе, өткен маусымда Аустралия ашық чемпионатында Монфис басым болған.